Су тасқынынан кейін Ақмола облысы бойынша ҰСО зертханасында су құбырындағы судың сапасы тексерілді
28.04.2022

Ақмола облысы Қазақстанның басқа да бірқатар аймақтары сияқты көктемгі су тасқынына бейім.

Жыл сайын қардың еруі су тасқынына ғана әкеліп соқпайды, сонымен қатар еріген сумен бірге ауыз суға микроорганизмдер мен химиялық заттардың түсуіне үлкен қауіп төндіреді. Мұндай суды пайдалану тырысқақ, дизентерия, вирустық гепатит және басқа да аурулардың дамуына әкелуі мүмкін. Ішек инфекцияларының қоздырғыштары суда ұзақ уақыт сақталып, оны жұқпалы аурулардың таралу көзіне айналдыруы мүмкін.

Ақмола облысында су тасқыны кезеңінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында облыстың бас санитарлық дәрігерінің 2022 жылдың 17 ақпанындағы №11 қаулысына сәйкес ағын суының сапасына тұрақты түрде бақылау жүргізілуде.

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалымен – 152 сынама зерттелді, оның ішінде 22 сынама бактериологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді, сәйкессіздік үлесі 14,5% құрады, санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 203 сынама зерттелді, оның ішінде 30 сынама шекті рұқсат етілген концентрациядан жоғары, бұл үлес салмағының 14,7% құрайды.

Сәйкессіздіктің орасан пайызы Қорғалжын ауданына келеді, олар жалпы колиформды бактериялары, жалпы микробтардың саны, лайлануы және түсі көрсеткіштері бойынша.

ҰСО Ақмола облысы бойынша филиалының мамандары ауыз судың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын ала тазалау және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу, маңайдағы аумақтарды таза ұстау қажеттігін атап өтеді. Тұрмыстық сүзгілер ағынды судың дәмін жақсартып, минералды қосылыстардан арылтатындығын ескерген жөн. Алайда, егер суда бактериялық ластану болса, онда тұрмыстық сүзгілер көмектеспейді. Сондықтан су тасқыны кезеңінде тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалануды ұсынылады.