Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалының маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің басшысы бос орын лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары: Кәсіпорынның Алматы облысы бойынша филиалының маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің басшысы бос орын лауазымына орналастыру конкурсына санитарлық-гигиеналық, экономикалық немесе маркетингтік бейіндегі жоғары білімі, мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Кәсіби білімге:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдары, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

Кәсіпорынның жарғысы;

Құжат айналымы және құжаттаманы басқару қағидалары;

Жұмыс жоспарлау әдістері;

Бөлім туралы ереже және лауазымдық нұсқаулық;

Кәсіпорын басшысының Бөлім қызметіне қатысты бұйрықтары мен өкімдерін;

Персоналды басқару теориясының негіздерін, іскерлік қарым-қатынас психологиясын, кәсіпорынның даму стратегиясы мен жоспарын;

Қадағаланатын бағыттар бойынша ішкі нормативтік құжаттарды;

Еңбек пен басқару ұйымының негіздерін;

Іскерлік этиканы;

Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын;

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын.

Лауазымдық міндеттері:

1. Филиалдың маркетинг саясатын және жарнама қызметі жоспарын әзірлеу;

2. Маркетинг саясатын және жарнамалық стратегияны іске асыру бойынша іс-шаралар мен акцияларды ұйымдастыру және өткізу;

3. Қызметкерлерді қажетті жарнамалық өніммен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

4. Жарнама қызметінің тиімділігін талдау;

5. Кәсіпорын қызметтері бойынша тұтынушылар нарығы мен бәсекелестерді зерттеу;

6. Барлық бөлімдер мен зертханалардың маркетинг қызметіне қатысты ақпаратты жинау және талдау бойынша қызметін үйлестіру, маркетинг саласындағы ақпараттық базаны құру;

7. Клиенттерге қызмет көрсету және клиенттік базаны ұлғайту бойынша филиал қызметін үйлестіру;

8. Клиенттерді тарту жұмыстарын ұйымдастыру (телефон арқылы сөйлесу, хат алмасу, кездесулер және басқа да байланыс құралдары арқылы);

9. Клиенттердің шағымдары мен ұсыныстарына жауап беруді ұйымдастыру және бақылау;

10. Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында филиал қызметкерлерінің жұмыс әдістерін зерттеу;

11. Баға бәсекеге қабілеттілігін талдау және прейскурантты өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу;

12. Кәсіпорынның фирмалық стилін қалыптастыру және жарнамалық өнімді безендіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, оларды енгізуді ұйымдастыру;

13. Бөлім қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру және олардың жұмыс сапасына, уақтылығына бақылау жүргізу;

14. Жоғары тұрған ұйымдардың сұранысы бойынша ақпарат дайындау;

15. Филиалдың тендерлерге қатысуын ұйымдастыру;

16. Материалдық-техникалық базаны жетілдіру және филиалдың табыстылығын арттыруға бағытталған шаралар бойынша бюджетті қалыптастыруды үйлестіру;

17. Ақылы қызметтердің көрсеткіштерін талдау, коммерциялық қызметті дамыту мүмкіндіктерін анықтау;

18. Аудандық бөлімшелерге және басқа құрылымдарға тұтынушылармен жұмыс істеу бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

19. Ақылы қызметтерді ұсынатын қызметкерлер мен процестерге арналған алгоритмдер мен рәсімдер әзірлеу;

20. Жаңа қызметтер мен жобаларды әзірлеу және енгізу жұмыстарын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 17.30-ға дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Абай көшесі,35А/5.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 8 шілде сағат 17.30.

Анықтама телефоны: 8 (72772) 2-05-71