Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының Мақтаарал аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зертханасының бос зертханашысы лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) Мақтаарал аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зертханасының бос зертханашысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

Санитариялық-гигиеналық зертханасының зертханашысы бос орын лауазымына орналастыру конкурсына кадрларды даярлау бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік білім: "Гигиена және эпидемиология" немесе "зертханалық диагностика", тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1.1. полимерлер және басқа да химиялық заттар бөлімшесі бойынша барлық іс жүзіндегі МЕМСТ-ды, СанЕжН-ды, ӘН-ды білуге;

1.2. «Санитарлық-гигиеналық зерттеулер зертханасы» бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуге, санитарлық-гигиеналық зерттеулер зертханасы мамандарына қоршаған ортадағы химиялық заттардың канцерогендік, аллергендік, мутагендік және басқа да қауіптілігі жөнінде мәліметтер беруге;

1.3. өз қызметінде сапа жүйесін қамтамасыз ету саясатын жүргізуге;

1.4. бөлімшеде сапа жүйесін үнемі қолдап отыруға;

1.5. зерттеу нәтижелерінің дәлдігін анықтап көрсету үшін ішкі зертханалық бақылау шараларын жүргізуге;

1.6. мәліметтердің, құжаттардың, қатаң бақылауға алынған есептердің құпиялығын сақтауға;

1.7. сынамаларды зерттеуге алуға;

1.8. қосымша құжаттарды тексеріп сынамаларды жұмыс журналына тіркеуге және зерттеу нәтижелерін мерзімінде беруге;

1.9. жұмысқа керекті өлшеу құралдарын, химиялық ыдыстарды және реактивтерді дайындауға;

1.10 санитарлық-эпидемиологиялық қызметі дәрігерінің көмегімен жеткізілген материалды  зерттеу жұмыстарын жүргізуге;

1.11. бекітілген стандарттық әдістемелерді білуге;

1.12 өлшеу құралдарын ұқыпты қолдануға;

1.13 өз білімін жетілдіруге;

1.14 тазалықшының жұмысын қадағалауға;

1.15 азаматтық қорғаныс жұмысына қатысуға;

1.16. бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес орындалған жұмыстардың сапасына жауап беруге;

1.17. ішкі тәртіп ережелерін, техникалық қауіпсіздік ережелерін  және еңбек ережелерін сақтауға.

1.18 Бөлімнің міндеттері мен функцияларына  Филиал басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

1.19 Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілікті бағалау

2) тестілеу       

3) сұхбат жүргізу

4) конкурстың қорытындысын шығару;

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі  

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30 бастап 17.30-ға дейін, Шымкент қаласы,  Әлімқұлов көшесі, 12 мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 5 маусым 2025 жыл, сағат 18.00-ге дейін.

Анықтама телефондары: 8(7252) 43 30 66.