Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы облысы бойынша филиалының экономика және жоспарлау секторының экономист лауазымына конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Экономист бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жоғары экономикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Лауазымдық міндеттері:
1) филиалдың және оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жасауды жүзеге асыруға, үнемдеу режимін қамтамасыз ету, өндірістің рентабельділігін, бәсекеге қабілеттілігін, еңбек өнімділігін арттыру, шығындар мен өнімсіз шығыстарды жою жөніндегі шараларды әзірлеу;
2) Материалдық, Еңбек және қаржы ресурстарының ұтымды және үнемді пайдаланылуын қадағалау;
3) Бюджеттік өтінімді, даму жоспарын және даму жоспарына толық жазуды, төлемдер мен міндеттемелер бойынша егжей-тегжейлі қаржыландыру жоспарын жасау;
4) даму жоспарын жасау, қорғау бойынша жауаптылықта болуға, сондай-ақ филиалдың экономикалық мүдделерін жоғары тұрған ұйымдар алдында және талап ету орны бойынша білдіру;
5) көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуін және пайданың ұлғаюын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық, өндірістік және коммерциялық қызметінің (бизнес-жоспарларының) жобаларын (бизнес-жоспарларын) жасау үшін тұтастай алғанда филиал бойынша жоспарлы тапсырмалардың орындалуын бақылауға бастапқы деректерді дайындау;
6) штаттық, қаржылық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстардың сметаларының қатаң сақталуын, құжаттардың заңдылығын, оларды белгіленген тәртіппен ресімдеуді және мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізу;
7) қаражаттың кірістері мен шығыстары туралы, бюджетті пайдалану туралы, басқа да экономикалық және статистикалық есептілік туралы балансты және жедел жиынтық есептерді жасауға қатысуға, оларды белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға ұсынуға міндетті.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма-қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынады:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 18.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Абай көшесі, 35/5 ғимарат.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 05 мамыр сағат 18.30.
Анықтама телефоны: 8 727 722 05 71