Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі-Филиал) метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің метрология жөніндегі инженері бос орнын лауазымына конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің метрология жөніндегі инженері бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және І санатты метрология жөніндегі техник лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Лауазымдық міндеттері:
1. Нормативтік құжаттардың бақылау даналарын есепке алуды, сақтауды жүргізу;
2. Нормативтік құжаттардың берілген көшірмелерінің картотекалық және/немесе журналдық есебін жүргізу;
3. Берілген өтінімдер негізінде филиал бөлімшесін нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету;
4. Нормативтік құжаттар қорын өзектендіруді жүргізу: өзектендіру кестесін жасау, өзектендіруді жүргізу кестесінің сақталуын бақылау, нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу, филиал бөлімшелерінің жұмысында пайдаланылатын Күшін жойған нормативтік құжаттарды алу және ауыстыру;
5. Жаңадан шығарылған нормативтік құжаттар немесе олардағы өзгерістер туралы құрылымдық бөлімшелерді үнемі хабардар ету;
6. Нормативтік құжаттама қорының сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету;
7. Филиалдың сынақ орталығын аккредиттеу жөніндегі материалдарды өзектендіруді жүргізу (паспорттың нормативтік құжаттары бойынша кесте);
8. ҚР ДСМ СЭБК " ҰСО " ШЖҚ РМК қажетті нормативтік құжаттарды сатып алуға өтінім беру;
9. Метрология және стандарттау мәселелері бойынша материалдарды статистикалық өңдеуді жүргізу;
10. Ұйым бөлімшелерінің өлшеу құралдарына қажеттілігін айқындау, оларды сатып алуға жиынтық өтінімдер жасау;
11. Өлшеу құралдарын монтаждау, орнату және қолданудың жай-күйі мен дұрыстығына міндетті бақылауды, ұйымға жаңадан келіп түсетін өлшеу құралдарын техникалық қабылдауды жүзеге асыру;
12. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің озық отандық және шетелдік тәжірибесін зерделеу;
13. Метрология мәселелері бойынша стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттарды әзірлеуге және келісуге қатысу;
14. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жоспарларының орындалуы туралы есептер жасау;
15. Өлшеу түрлері бойынша жергілікті тексеру схемаларын жасау,өлшеу құралдарын тексеру кезеңділігін белгілейді және оларды жүргізудің күнтізбелік кестелерін әзірлейді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
16. Зертхана мамандарымен бірлесіп жаңа өлшеу құралдарын енгізу және ұйымдастыру;
17. Сынақ жабдықтары мен өлшеу құралдарына метрологиялық бақылау жүргізуді, сынақ жабдықтары мен өлшеу құралдарын метрологиялық бақылау орнына жеткізуді ұйымдастырады;
18. Метрологиялық бақылауға жататын өлшеу құралдарын қабылдауды, беруді және тіркеуді жүзеге асырады;
19. Сынақ жабдықтарын өлшеу және аттестаттау құралдарын тексеруге/ калибрлеуге техникалық ерекшеліктерді әзірлеу;
20. Зертханалық жабдықтардың есебін жүргізу, бекітілген ең төменгі жарақтандыру табеліне сәйкес филиал бөлімшелерінің жабдықтармен жинақталуын талдау;
21. Семинарларды өткізуге және метрология мәселелері бойынша мамандарды оқыту процесіне қатысу;
22. Зертханалық жабдықты өлшеу құралдарына техникалық қызмет көрсетудің, жөндеудің орындалуын бақылау;
23. Бөлім бастығының басқа да тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі-конкурсқа қатысушы) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі);
4) Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылмайды.
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсынымдар) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) әңгімелесу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарын Басқарма Төрағасымен конкурстық ауыстыру Қағидаларымен реттеледі, 21.09.2023 ж. №55 хат (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған).
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Петропавл қаласы, Н. Назарбаев көшесі, 236 (сағат 13.00 - 14.30 түскі үзіліс).
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 24 қараша 2023 ж., сағ. 18.30- ға дейін.
Анықтама телефоны: 8(7152) 50-08-15.