Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Кәсіпорының Ұлытау облысы бойынша филиалы Құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының бос заңгер лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» Ұлытау облысы бойынша филиалы Құқықтык, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының бос заңгер лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіби ( заңгер) білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілімі 1 жылдан кем емес.

Лауазымдық міндеттері:

1.Филиалдың құқықтық жұмысын қамтамасыз етеді;

2.Филиал директорының бұйрығымен филиал қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласында түсіндіру және профилактикалық  жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді.

3.Филиал басшылығы, зертхана меңгерушілері, зертхана басшылары, бөлім меңгерушілері дайындаған бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің және басқа да құқықтық сипаттағы актілердің жобаларына құқықтық баға береді, оларға келіседі, сондай -ақ қажет болған жағдайда құжаттарды дайындау кезеңіне қатысады.

4.Филиал қызметкерлеріне қолданыстағы заңнаманы және оны қолдану тәртібін түсіндіреді, қызметкерлерге әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша құжаттарды рәсімдеуге заңгерлік көмек көрсетеді.

5.Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай -ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда Филиалдың мүддесін қорғайды, талап – арыздарды дайындайды, соттарда талаптарды қолдайды және сот актілерінің шешімдерін орындайды.

6. Жалпы Филиал қызметіне қатысты әртүрлі мәселелер бойынша қызметтік тексерулер жүргізуге қатысады.

7.Филиал жұмысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл жоспарын орындау бойынша жұмыстар жүргізеді.

8.Филиал қызметі туралы құқықтық сипаттағы есептерді (айлық, тоқсандық, жылдық) жасайды.

9.Филиалға контрагенттер жасаған дебиторлық берешекті қайтару жұмыстарын жүргізеді.

10.Мақсаттағы аудиторияға Филиалдың құқықтық қолдауына енгізілген сұраныстарды,өтініштерді және ақпаратты дайындайды және ұсынады.

11.Филиал қызметіне жалпы және жекелеген санаттар бойынша рұқсаттар (медицианалық лицензия алу, оған қосымша филиал қызметіне рұқсаттардырәсімдеу және таы басқа) алады.

12.Уәкілетті органдармен бірлесіп дәрістер мен семинарлар өткізеді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынады:

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып,конкурсқа қатысуға өтінім;

2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Фотосуреті бар кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген) ұсыну;

4) Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландыратын көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық, қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы (Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті  еgоv арқылы беріледі) туралы анықтама;

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.Құжаттар пошта арқылы алынса, оларды қайтару мүмкін емес екендігін ескертеміз.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері,бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) Біліктілікті бағалау;

2) Тестілеу;

3)  Сұхбат жүргізу;

4) Конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі: 

Кәсіпорын Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен бекітілген Кәсіпорын қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық  орналасу қағидаларымен реттеледі. (Кәсіпорынның интергент -ресурстарына орналастырылған).

Құжаттарды қабылдау: жұмыс күндері сағат 09:00 -ден – 13:00 -ге дейін 14:30-дан – 18:00- ге дейін Жезқазған қаласы, Гурбы көшесі, - № 6 мекенжайы бойынша орналасқан.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың 26 қазаны, сағат 18:00.

Анықтама телефоны: 8 (7102) 41-02-41.