Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» шаруа жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы облысы бойынша филиалының бухгалтерлік есеп және экономика бөлімінің экономист бос орын лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» шаруа жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі-Филиал) Бухгалтерлік есеп және экономика бөлімінің экономист бос орнына конкурс жариялайды.

Филиалдың қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Филиалдың қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары: Бухгалтерлік есеп және экономика департаментінің экономист бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жоғары кәсіби (бухгалтерлік немесе экономикалық) білімі және мамандығы бойынша 3 (үш) жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. филиалының.

Лауазымдық міндеттері: Кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізу, үнемдеу режимін қамтамасыз ету, өндірістің рентабельділігін, бәсекеге қабілеттілігін, еңбек өнімділігін арттыру, ысыраптар мен өнімсіз шығындарды жою шараларын әзірлеу. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының ұтымды және үнемді пайдаланылуын қадағалау. Бюджеттік өтінімді,  даму жоспарын, төлемдер мен міндеттемелерді қаржыландырудың егжей-тегжейлі жоспарын жасау. Даму жоспарын құруға, қорғауға, сондай-ақ жоғары ұйымдардың алдында және сұраныс орнында Филиалдың экономикалық мүдделерін білдіруге жауапты болу. Жалпы филиал бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын бақылау. Көрсетілетін қызмет көлемінің өсуін қамтамасыз ету және пайданы арттыру мақсатында кәсіпорынның шаруашылық, қаржылық, өндірістік және коммерциялық қызметінің жобаларын (бизнес-жоспарларын) дайындау үшін бастапқы мәліметтерді дайындау. Штаттық, қаржылық тәртіпті, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстар сметасын, құжаттардың заңдылығын, олардың ресімделуін және белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қатаң сақтау бойынша жұмыстарды жүргізу. Қаражаттардың кірістері мен шығыстары, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы, басқа да экономикалық және статистикалық есеп берулер туралы бухгалтерлік балансты және жедел жиынтық есептерді жасауға қатысу, оларды белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға ұсыну.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі-конкурсқа қатысушы) мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылмайды.

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсынымдар) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» шаруа жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директорының 2018 жылғы 21 қарашадағы №523 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы»  ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған).

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап, сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30 бастап, 18.00-ға дейін 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 5-ші шағын аудан 1 үй мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 30.06.2023 жыл,  сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(72772) 4-53-50.