Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» бухгалтерлік есеп және экономика бөлімінің бухгалтері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы (бұдан әрі-Филиал) бухгалтерлік есеп және экономика бөлімінің бухгалтері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні - ошақтық және профилактикалық дезинфекция, дезинсекция және дератизация ұйымдастыру және жүргізу.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Бухгалтерлік есеп және экономика бөлімі бухгалтерінің бос лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

Бухгалтерлік есеп және экономика бөлімінің бухгалтері бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыс стажына немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындыққа және есепке алу мен бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажына талап қоймастан қатыса алады.

Бухгалтердің лауазымдық міндеттеріне: олардың сақталуын қамтамасыз ететін ережелерді міндетті түрде сақтай отырып, ақша қаражатын қабылдау, есепке алу, беру және сақтау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру; тиісті міндеттемелердің бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша орындау, бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдауды және бақылауды жүзеге асыру; ақша қаражатының қозғалысымен байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету; ақша қаражатын түгендеуді жүргізуге қатысу; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес кассалық құжаттарды жүргізу; кассалық кітапты жүргізу; көрсетілген қызметтердің актілерін және шот-фактураларды ұсыну; жеке шоттар бойынша үзінді-көшірмелерді тарату; қызметтерге тапсырыс берушілермен акт-салыстыруларды қалыптастыру; әлеуетті өнім берушілердің электрондық шот-фактураларын бастапқы құжаттарға сәйкес толтырудың дұрыстығына тексеру, деректерді «1С-Бухгалтерия» базасына енгізу; тауарлық-материалдық құндылықтарды есептен шығару.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі-конкурсқа қатысушы) мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылмайды.

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсынымдар) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорын Бас директорының 2018 жылғы 21 қарашадағы №523 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы»  ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған).

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап, сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30 бастап, 18.30-ға дейін 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Универсальная көшесі, 3а мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2021 жылғы 29 қараша сағат 18.30.

Анықтама телефоны: 8(7152) 31-29-57.