Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жетісу облысы бойынша филиалының (бұдан әрі – Филиал) Панфилов аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні – денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыру.
Филиал қызметінің мақсаты – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Панфилов аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос лауазымына орналастыруға арналған конкурсына "Гигиена және эпидемиология" немесе "Зертханалық диагностика" немесе "Жаратылыстану ғылымдар, математика және статистика" кадрларын даярлау бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
Өзінің қызметтік ерекшелігіне сәйкес Панфилов аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы мыналарды білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін;
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін;
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын;
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын;
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздерін;
қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша тәртіп пен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері:
1. Нормативтік құжаттарға, әдістемелік нұсқауларға, дәрігерлер мен зертхана мамандарының нұсқауларына сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізу.
2. Зертханалық зерттеулердің дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз ету, материалды алудың, жеткізілген сынама үлгілерін себудің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету.
3. Сыртқы ортаны зерттеу мақсатында материалдар мен сынама үлгілерін алумен байланысты жоспарлы және жоспардан тыс объектілерге шығуға қатысу.
4. Зертханалық зерттеулер жүргізуге жұмыс орнын, аппаратураны, ерітінділерді және қоректік орталарды дайындау.
5. Ыдыстарды жуу және өңдеу сапасын, бактериологиялық зертханада дезинфекциялық-стерильдеу режимінің сақталуын, кіші медицина персоналының жұмысын бақылау.
6. Қысыммен жұмыс істейтін және жоғары температуралық режимде пайдаланылатын ыдыстармен жұмыс істеу кезінде электр қауіпсіздігі талаптарын сақтау.
7. Жабдықтарды пайдалану жөніндегі барлық нұсқаулықтардың талаптарын, жұмыс тәртібін және қауіпсіздік шараларын сақтау, жабдықтарды дұрыс пайдалану.
8. Кіші медицина персоналына нұсқама жүргізу, зертханалық жабдықтарды пайдалану қағидаларымен таныстыру.
9. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеуге жауапты болу, оның ішінде:
* орналастыру;
* тиеу;
* температуралық режимді баптау;
* стерильдеуді бақылау.
10. Зертханалық жабдықтарда жұмыс аяқталғаннан кейін паспортқа сәйкес күнделікті техникалық қызмет көрсетуді (тазалау, жуу және дезинфекциялау құралдарымен өңдеу) жүргізу. Жұмыс аяқталғаннан кейін электр қыздырғыш аспаптар мен жабдықтарды электр желісінен ажырату.
11. Бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасында қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын бақылау.
12. Қоректік орталарға, диагностикалық препараттарға, сарысуларға, шыны зертханалық ыдыстарға және жұмсақ медициналық мүкәммалға жылдық, тоқсандық және ай сайынғы өтінімдер жасау.
13. Қоректік орталардың, диагностикалық препараттардың және химиялық реактивтердің сақталуын бақылау.
14. Зерттеулер жүргізудің жаңа әдістемелерін меңгеру (бактериолог-дәрігердің басшылығымен).
15. Өз біліктілігін арттыру.
16. Мемлекеттік тапсырыс және өндірістік бақылау шеңберінде, оның ішінде өнімнің қауіпсіздігін мониторингтеу бойынша жеткізілген сынама үлгілерін қабылдау.
17. Сынама үлгілерін қабылдау кезінде өнім салмағының сәйкестігін, тасымалдауға қойылатын талаптарды, сақтау жағдайларын, жарамдылық мерзімін және санын тексеру.
18. 2018 жылғы 7 қарашадағы № 200-НҚ «Өнімнің қауіпсіздігін мониторингтеуді жүзеге асыру алгоритмі» бұйрығының талаптарын басшылыққа алу және орындау.
19. Мемлекеттік тапсырыс және өндірістік бақылау шеңберінде сынама алу үшін қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, объектілерге шығу.
20. Сынама үлгілерін қабылдау кезінде талаптарға сәйкес келмейтін өнім анықталған жағдайда, оны бракераж журналына тіркеу.
21. Ай сайын тамақ өнімдерін жою туралы актілер жасау.
22. Зерттеу нәтижелерін/хаттамаларын ресімдеуге қатысу.
23. Сынама үлгілерін тіркеу журналдарын, жұмыс журналдарын жүргізу, жолдамаларды тексеру.
24. Клиенттермен жұмыс істеу кезінде іскерлік этиканы сақтау.
25. Тапсырыс берушіге өтінімге сәйкес талап етілетін және қажетті ресурстарды (стерильді зертханалық ыдыстар, тасымалдау ортасы) уақтылы ұсыну.
26. Клиенттерге прейскурант бағалары, биологиялық материалды алу әдістері, оны сақтау және зертханаға жеткізу мәселелері бойынша консультация беру.
27. Стерильді ыдыстардың және тасымалдау орталарының жарамдылық мерзімдерінің сақталуын бақылау.
28. СТ РК ISO 17025-2018 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін ұйымдастыруға қатысу.
29. Сапа саласындағы саясаттарды орындау, стандартты операциялық рәсімдерді (СОР), жұмыс нұсқаулықтарын және басқа да құжаттарды әзірлеу және жетілдіру.
30. Зертханалық ақпараттық жүйе (ЗЗЖ) бағдарламасында жұмыс жүргізу, электрондық журналдарды толтыру, зертханалық зерттеулердің электрондық хаттамаларын немесе нәтижелерін жасау, мемлекеттік тапсырыс бойынша өтінімдерді, біржолғы және жиынтық өтінімдерді уақтылы орындау, есептер жасау.
31. Өз жұмысы туралы есептер дайындау, бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының тоқсандық және жылдық есептерін жасауға қатысу.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) сұхбаттасу жүргізу;
3) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8:30-дан 18:00-ге дейін (сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліс) Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Сланова көшесі, 85А мекенжай бойынша жүзеге асырылады:
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі: 2026 жылғы 29 қазан сағат 18:00-ге дейін.
Анықтама телефоны: 8 777 246 0498.