Ауыз-судың сапасы кез-келген адамның өмірі мен денсаулығы үшін өте маңызды, ал сапасы төмен су көптеген ауруларды немесе асқынуларды тудыруы мүмкін. Ауыз-судың сапасы Қазақстандағы экологиялық гигиенаның өзекті мәселесінің бірі болып табылады, ал бұл өз кезегінде суды тұтынудың тұрақты өсуіне, су көздерінің сапасының өзгерістерімен түсіндіріледі.
Санитарлы-гигеналық зертханасының коммуналды гигиена бөлімшесі 2018 жылдың 1 жартыжылдығында облыс бойынша барлығы ауыз-суға 2350 сынама, 22744 зерттеме жүргізіліп, гигиеналық талабының санитарлы-химиялық көрсеткішіне 321 сынама, 659 зерттеме сәйкес келмеді, бұл сынамада 13,6%, зерттемеде 2,9% құрайды.
Жүргізілген зерттеме нәтижесі бойынша санитарлы-гигеналық талапқа сәйкес келмейтін зерттеменің меншікті салмағы Ақтөбе қаласы бойынша (4,1%), Мәртөк ауданы бойынша (2,8%).
Көрсеткіш |
Сәйкес келмейтін зерттеме саны |
Жалпы кермектілігі |
234 |
Құрғақ қалдығы |
198 |
Хлоридтер |
32 |
Сульфаттар |
26 |
Түстілігі |
19 |
Лайлылығы |
29 |
Дәмі |
45 |
Темір |
19 |
Нитраттар |
35 |
Аммиак |
14 |
Марганец |
8 |
Ақтөбе облысы бойынша жүргізілген зерттемелердің басым бөлігі жалпы кермектілік, дәмдік сапасы, құрғақ қалдық, нитрат, хлорид, оргалептикалық көрсеткіштері бойынша сәйкес келмейді, бұл 2,4% құрайды.
ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы
санитарлы-гигиеналық зертханасының
меңгерушісі Тухватуллина Р.Ш.
санитарлы-гигиеналық зертханасының
коммуналды гигена бөлімшесінің
маманы Есқазы Г.Н.