Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Шымкент қаласында волейбол және футболдан финалдық турнир өтті
В Шымкенте прошёл финальный турнир по волейболу и футболу 13.10.2025

Шымкент қаласында Ұлттық сараптама орталығы филиалдары командалары арасында волейбол және футболдан турнирдің финалдық кезеңі өтті. 2025 жылғы іріктеу кезеңдерінің нәтижесі бойынша финалға шыққан үздік командалар бұл жарысқа қатысты. Қатысушылар жоғары деңгейдегі физикалық дайындықты, спорттық рухты және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.


Ойын нәтижелері бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Волейбол:
1 орын — Жетісу облысы
2 орын — Қарағанды облысы
3 орын — Түркістан облысы      бойынша дезинфекция орталығы

Футбол:
1 орын — Атырау облысы
2 орын — Түркістан облысы
3 орын — Жамбыл облысы

Ойыншылар үйлесімді командалық ойынды, дұрыс тактиканы және жеңіске деген ерік-жігерді көрсетті.

Турнир соңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, медальдар және құрмет грамоталары табысталды.

Шымкенттегі турнир 2025 жылғы спорт маусымының жарқын әрі лайықты қорытындысы болды. Ол әр аймақтан келген командаларды біріктіріп, барлық қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шымкент қаласына жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтамыз, командаларға — әділ күрес үшін, жанкүйерлерге — шынайы қолдау мен белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз

Сурет галереясы

thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail