26.07.2025
Астанада Ұлттық сараптама орталығының қолдауымен Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы базасында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына арналған «Әсері жоғары, инновациялық құрамдас заттар мен шығарылу түрлеріне негізделген дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын қолдану» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинарға Ресей Федерациясынан шақырылған мамандар қатысып, өздерінің кәсіби білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара барысында дезинфекциялық іс-шараларды өткізудің заманауи тәсілдері, жаңа құрамдар мен шығарылу формалары бар инновациялық дезинфекциялық құралдардың сипаттамалары, сондай-ақ олардың тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру мәселелері қарастырылды.
Мұндай семинарлар мамандардың кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуға және санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды қамтамасыз ету саласындағы салалық ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді.