Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

Ұлттық сараптама орталығы мен Haileybury Astana бизнес өкілдерін санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бойынша оқыту тәжірибесін бастайды
Национальный центр экспертизы и Haileybury Astana запускают первый опыт обучения бизнеса санитарно-эпидемиологической безопасности 03.04.2025

Бүгін Ұлттық сараптама орталығы мен халықаралық мектеп Haileybury Astana арасында серіктестік меморандумына қол қойылды. Бұл қадам Қазақстан кәсіпкерлері үшін ақпараттық-оқыту жұмыстарын белсенді түрде дамытуға бағытталған.

Haileybury Astana — халықаралық деңгейде мойындалған білім беру ұйымы, ол өзінің оқушылары үшін жоғары деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жауапты серіктес ретінде танымал.

Біріккен жұмыстың негізгі бағыттары көптеген жағдайларды талдау, зерттеу ресурстарымен және тәжірибемен алмасу, сондай-ақ бизнес қауымдастығы үшін жаңа оқу бағдарламалары форматтарын дамыту болады.

Бұл серіктестік санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыру және оқу әдістерін жетілдіруге бағытталған.

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма Төрағасы Ерлан Киясов соңғы жылдары бизнес саласындағы қателіктерге байланысты көптеп улану және басқа да инциденттерге куә болғанымызды атап өтті. Бұл азаматтардың денсаулығына әсер ететін маңызды мәселелердің бірі екенін көрсетеді. Осылайша, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы білім беру жұмыстарын күшейту қажеттілігі туындап отыр. «Haileybury Astana -мен серіктестік арқылы біз кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелерінде тәуекелдерді азайту үшін заманауи оқыту әдістерін енгізуді көздеп отырмыз»,- деп қорытындылады.

Ұлттық сараптама орталығы өз процестерін үнемі жетілдіріп, клиенттеріне тек жоғары сапалы қызметтер ұсынуға ұмтылады.

Сурет галереясы