ҰСО зертханаларды жаңғыртуды жалғастыруда
НЦЭ продолжает модернизировать лаборатории 03.06.2024

Сарапшылардың жұмыс тобы Пандемия қорынан грантты іске асыру шеңберінде Ақмола және Түркістан облыстарында орналасқан Ұлттық сараптама орталығы филиалдарының аудандық және қалалық бөлімшелеріне барды.

Топ құрамында - ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары З. Ахметова, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарды дамыту басқармасының басшысы С. Мұқажанова, Ұлттық сараптама орталығының Басқарма төрағасы Е. Қиясов, ҰСО стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің маманы М. Қайрақбаева, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Қазақстандағы елдік кеңсесінің үйлестірушісі Б. Әубәкірова және ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің консультанты А. Гиль болды.

Өңірлерге жұмыс сапары Ақмола облысының аудандық бөлімшелеріне барудан басталды. Топ Ақкөл, Бұланды, Зеренді аудандарының және Степногорск қалалық бөлімшесінің зертханаларының ағымдағы жұмыс көлемімен танысты.

Жабдықты жаңартудың тиімділігі мен қажеттілігін және зертханалардағы процестерді жақсарту мүмкіндігін анықтау үшін топ қатысушылары зерттеу жүргізу үшін техникалық жабдықтармен және ресурстармен танысты.

Одан әрі көшпелі топ мүшелері Кентау қаласының жаңадан жаңартылған зертханасы пайдалануға берілген Түркістан облысы бойынша ҰСО филиалының бөлімшелеріне барды.

Сонымен қатар, Ордабасы аудандық бөлімшесіне барып, жаңғырту қажеттілігіне бағалау жүргізілді.

Кейін топ Түркістан қаласы филиалының бөлімшесінің жұмысымен танысты, онда жақын арада заманауи вирусологиялық зертхана салу жоспарлануда.

Бұл сапарлардың негізгі мақсаты болашақта ықтимал пандемияға қарсы іс-қимылға дайындығы мен әлеуетін одан әрі түсіну үшін Кәсіпорын филиалдарының қызметіне бағалау жүргізу болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 15 ақпанда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Дүниежүзілік банктің қолдауымен Қазақстанда пандемия қорының жобасын ресми түрде іске қосты.

Сурет галереясы