Ресейлік қаймақта мәлімделген сипаттамаларға сәйкессіздік анықталды
2021 жылдың 16 сәуірінде Орал қаласында өнім қауіпсіздігін бақылау аясында Татарстан Республикасы өндірісінің «Село Зеленое» қаймағы алынды. «Ұлттық сараптама орталығының» зертханаларында жүргізілген микробиологиялық зерттеудің нәтижесі 1х103 КОЕ/г сүт қышқылы бактерияларының құрамын көрсетті. КО ТР 033/2013 «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» сәйкес дайын өнімде сүт қышқылы микроорганизмдерінің жалпы құрамы оны айналымға шығару кезінде кемінде 1Х107 КОЕ/г құрауы тиіс. .Бұл жағдайда сәйкессіздік өндірушінің жұмысындағы қателіктерді көрсетеді.
Табиғи қаймақты таңдау бойынша кеңестер