«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК келесі көрсетілген тұлғаларға өтеусіз негізде клиникалық-диагностикалық зерттеулерге жеңілдіктер береді:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілгендер;
2) Ауған соғысына қатысушылар;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар;
4) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алған көп балалы аналар;
5) Бала кезінен бері мүгедек жандар.
Клиникалық-диагностикалық зерттеулерге келесі жеңілдіктер ұсынылады:
1) Зейнеткерлерге - 30%;
2) I топтағы мүгедектерге - 30%;
3) II топтағы мүгедектерге - 20%;
4) Кәсіпорын қызметкерлеріне - 30%;
5) Қазақстан Республикасының аумағында орта арнаулы және жоғары оқу орындарында білім алушылар - 20%.
Биологиялық материалдағы РНҚ вирусын анықтау қызметтеріне, оның ішінде COVID-19 тестілеуіне жеңілдіктер қарастырылмаған.